Меню

Страницы

Статья

Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы

Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың кезектен тыс сайлауы 2023 жылғы 19 наурызда өтеді.

Мәжіліс пен облыстардағы мәслихат депутаттары енді аралас жүйе бойынша сайланады. Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, 30 пайызы бір мандатты округтерден, облыстық мәслихат депутаттарының 50 пайызы партиялық тізім бойынша, 50 пайызы бір мандаттық жүйе арқылы сайланады. Осылайша, мәжіліс пен мәслихаттар жаңа үлгі бойынша жасақталып, сайлаушылардың мүддесі жалпыұлттық және аймақтық деңгейде толық қорғалады.

Ал аудандағы мәслихат сайлауында азаматтар бір мандатты округтерден шыққан кандидаттарға дауыс береді. Осы мақсатта аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша 13 сайлау округі құрылып, комиссия мүшелері сайланды. Сонымен қатар, облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша облыстық 23 сайлау округі құрылса, соның ішінде Бәйдібек ауданы мен  Сайрам ауданының Арыс, Құтарыс, Көлкент және Қарабұлақ ауыл округінің бірқатар сайлау учаскелері № 7 сайлау округінің шекарасына қарайды. Ал, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауы бойынша Бәйдібек ауданының аумағы – Кентау қаласы, Созақ, Төлеби, Түлкібас аудандарымен бірге № 26 сайлау округінің шекарасына жатады. 

Бұл сайлауда бір сайлаушы 5 бюллетень арқылы дауыс береді. Атап айтқанда, Мәжіліс депутаттарын партиялық тізім бойынша сайлауға бөлек бюллетень, бірмандатты депутатты сайлауға бөлек бюллетень беріледі. Үшінші бюллетеньде – облыстық мәслихатқа сайланғысы келетін партиялар тізіміне, төртінші бюллетеньде – бірмандатты сайлау округі бойынша кандидаттарға дауыс береді. Бесінші бюллетень –  аудандық мажоритарлық бюллетень болады. Мысалы, Бәйдібек ауданында тұратын сайлаушыға өз ауданының мәслихатының депутаттарын сайлау бюллетені беріледі. Сонымен бірге, барлық бюллетеньде «Бәріне қарсымын» бағанасы енгізілді.

Сондай-ақ, Конституциялық реформа аясында саяси партияларды тіркеу рәсімі де жеңілдетілді. Атап айтқанда, партия мүшелерінің санына қатысты талап өзгерді. Осындай шаралардың нәтижесінде елімізде бірнеше жаңа саяси партия тіркелді. «Ақ жол» ҚДП,  «Amanat» партиясы, «Ауыл» ХДПП, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, Қазақстан Халық партияларымен бірге, «Respublica» партиясы, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиялары да партиялық тізімдер бойынша сайланатын облыстардың мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысуға жіберілді.

Сайлау үдерісіне қоғамның түрлі өкілдерін барынша тарту үшін заңнамаға басқа да өзгерістер енгізілді. Мысалы, партиялық тізімде депутаттық мандаттың 30 пайызын әйелдерге, жастарға және ерекше қажеттілігі бар азаматтарға бөлу заң жүзінде бекітілді.

Алдағы сайлауға қатысып, өз таңдауын жасау – әрбір азаматтың  сайлау құқығы, дауыс берудің заңға сәйкес өтуі мен ашық болуы – баршамыздың міндетіміз деп есептеймін.

 

Қырықбаев Марат Есіркепұлы,

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.

 

Дата публикации
30 января 2023
Дата обновления
30 января 2023
Тип

Сейчас читают

Бағыттар
13 августа 2026
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары
07 июля 2026
02 июля 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы