Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарлама

2026 жылғы 17 мамырға тағайындалған Бәйдібек ауданы,

Борлысай ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізу бойынша

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы,

орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарлама

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабының 4-тармағына, 22-бабының 2-тармағына және «Борлысай ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы  8 сәуірдегі № 9 қаулысына сәйкес, Бәйдібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамын, орналасқан жерін және жұмыс уақытын хабарлаймыз.

Бәйдібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамы

Комиссия төрағасы – Қырықбаев Марат Есіркепұлы;

Төрағаның орынбасары – Сейдахметов Әділхан Омарәділұлы;

Хатшысы – Жангазиева Раушан Пердебаевна.

Комиссия мүшелері: Меңлібеков Мағжан Мейірбекұлы, Калходжаев Нұралы Қожахметұлы, Иманбеков Айдос Айдарович, Курманбеков Жандос Исембекович.

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мекен жайы:  О.Тайманов атындағы өнер және саз мектебі. Шаян ауылы, Тәуелсіздік 39/1. Тел.: 8 (72548) 2-19-44, e-mail:  tic_tur_bai@saylau.kz, пошталық индексі 160200.

Аумақтық сайлау комиссиясының жұмыс уақыты: 9.00-18.30 Үзіліс: 13.00-14.30.

Бәйдібек ауданындағы Борлысай ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі Борлысай сайлау округінің шекарасына Борлысай ауылдық округінің (Ақтас, Кеңсай, Қошқарата, Шұқыршақ ауылдары) аумағы жатады.

 

 

Бәйдібек ауданының

аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

АҚПАРАТ
Дата публикации
08 апреля 2026