Мыңбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА
2026 жылғы 5 сәуірде Бәйдібек ауданындағы Мыңбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Бәйдібек ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Мыңбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 2157 азамат енгізілді, олардың 1253 дауыс берді.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Акимбаев Г.А. – 955; Бектұрсынов Т.Ғ. – 88; Рахманов Б.А. – 119; «Барлығына қарсы» – 41.
1976 жылы туылған, Мыңбұлақ ауылдық округінің бұрынғы әкімі, Бәйдібек ауданы, Бестоғай ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған Акимбаев Галимжан Амантаевич Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы