2026 жылғы 5 сәуірге тағайындалған сайлау бойынша Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімдігіне тіркелген кандидат Турсынбеков Нурсултан Жуманалиевичтың кандидатурасын тіркеуден алу туралы хабарлама
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Бәйдібек ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының 20.03.2026ж. №МКБ-Б-04-08/129 хаты негізінде –декларацияланған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыс еместігі декларация тапсыру кезінде анықталуына байланысты Турсынбеков Нурсултан Жуманалиевичтың Мыңбұлақ ауылдық округі әкімдігіне тіркелген кандидатурасы Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 24.03.2026 жылғы № 42 шешімімен алынды.
Бәйдібек аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы