2026 жылғы 5 сәуірге тағайындалған Бәйдібек ауданы,
Мыңбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізу бойынша
Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы,
орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабының 4-тармағына, 22-бабының 2-тармағына және «Бәйдібек ауданы, Мыңбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 25 ақпандағы № 7 қаулысына сәйкес, Бәйдібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамын, орналасқан жері және жұмыс уақытын хабарлаймыз.
Бәйдібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамы
Комиссия төрағасы – Қырықбаев Марат Есіркепұлы;
Төрағаның орынбасары – Сейдахметов Әділхан Омарәділұлы;
Хатшысы – Жангазиева Раушан Пердебаевна.
Комиссия мүшелері: Меңлібеков Мағжан Мейірбекұлы, Калходжаев Нұралы Қожахметұлы, Иманбеков Айдос Айдарович, Курманбеков Жандос Исембекович.
Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мекен жайы: О.Тайманов атындағы өнер және саз мектебі. Шаян ауылы, Тәуелсіздік 39/1. Тел.: 8 (72548) 2-19-44, e-mail: tic_tur_bai@saylau.kz, пошталық индексі 160200.
Аумақтық сайлау комиссиясының жұмыс уақыты: 9.00-18.30 Үзіліс: 13.00-14.30.
Бәйдібек ауданындағы Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі Мыңбұлақ сайлау округінің шекарасына Мыңбұлақ ауылдық округінің (Мыңбұлақ, Қайнарбұлақ, Мәдениет, Қосбұлақ, Бестоғай, Ақбұлақ ауылдары) аумағы жатады.
Бәйдібек ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы