Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 25 ақпандағы № 6 қаулысы

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 25 ақпандағы № 6 қаулысы

 

 

Бәйдібек ауданы, Мыңбұлақ ауылдық           

округінің әкімін сайлау жөніндегі                                                     

сайлау округін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бәйдібек ауданы, Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі Мыңбұлақ сайлау округі – Мыңбұлақ ауылдық округінің шекарасында құрылсын.
  2. Мыңбұлақ сайлау округі мен оның шекарасы және Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген ақпарат (1-қосымша) Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

 Төраға                      М.Қырықбаев

Хатшы                      Р.Жангазиева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

2026 жылғы  25 ақпандағы       № 6 қаулысына 1-қосымша

 

Мыңбұлақ сайлау округі мен оның шекарасы және

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

орналасқан жері туралы ақпарат

Бәйдібек ауданы, Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі Мыңбұлақ сайлау округінің шекарасы – Мыңбұлақ ауылдық округінің (Мыңбұлақ, Қайнарбұлақ, Мәдениет, Қосбұлақ, Бестоғай, Ақбұлақ ауылдары) аумағы.

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан мекен жайы – О.Тайманов атындағы өнер және саз мектебінің ғимараты. Шаян ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 39/1 үй.

Қаулы
Дата публикации
25 февраля 2026