Бәйдібек ауданы аумақтық референдум комиссиясының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарлама
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабы 3-тармағына, «2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 11 ақпандағы № 1170 Жарлығына, «2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының 2026 жылғы 12 ақпандағы № 6/10 қаулысына сәйкес, Бәйдібек ауданы аумақтық референдум комиссиясының құрамын, орналасқан жері және жұмыс уақытын хабарлаймыз.
Бәйдібек ауданының аумақтық референдум комиссиясы
Орналасқан жері: О.Тайманов атындағы өнер және саз мектебі. Шаян ауылы, Тәуелсіздік 39/1. Тел.: 8 (72548) 2-19-44, пошталық индексі 160200.
Комиссия төрағасы – Қырықбаев Марат Есіркепұлы;
Төрағаның орынбасары – Сейдахметов Әділхан Омарәділұлы;
Хатшысы – Жангазиева Раушан Пердебаевна.
Комиссия мүшелері: Меңлібеков Мағжан Мейірбекұлы, Калходжаев Нұралы Қожахметұлы, Иманбеков Айдос Айдарович, Курманбеков Жандос Исембекович.
Аумақтық референдум комиссиясының жұмыс уақыты 9.00-18.30 Үзіліс: 13.00-14.30.
Бәйдібек ауданының
аумақтық референдум комиссиясы