ХАБАРЛАНДЫРУ
БАЙДІБЕК АУДАНЫ БОЙЫНША АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫНДАҒЫ ЖЕРЛЕРДІ ЖАЛҒА БЕРУ КОНКУРСЫ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабына сәйкес, жер учаскелерін ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалға беру туралы:
Себебі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті, «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 26 тамыздағы № 261 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2025 жылғы 28 тамызда №36716 болып тіркелген) (ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінен бастап қолданыста) өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды.
Сондықтан, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты, жұмыс барысында басшылыққа алып шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалға беру туралы өткізілетін конкурс толығымен тоқтатылып көрсетілген өзгерістерге сәйкес қайта жарияланады.
Негізі: Бәйдібек аудандық конкурстық комиссияның 10.10.2025 жылғы хаттамасы.