Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсын кейінге қалдыру хаттамасы
Шаян ауылы 06.10.2025 жыл сағат 10:00
Қатысушылар:
1.Пазилов Нурсултан Абдирашович - аудан әкімінің заң кеңесшісі.
2.Уркумбаев Турар Ибадуллаевич - аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.
Егембердиев Кайрат Толбасиевич - аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маман заңгер, комиссия хатшысы.
Күн тәртібіндегі мәселе:
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсын кейінге қалдыру мәселесі.
Жиналысты комиссия хатшысы Егембердиев Кайрат Толбасиевич ашып, күн тәртібіндегі мәселемен таныстырып, ағымдағы жылдың 06 қазан күні өткізілгелі отырған конкурс Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабының 13-тармағында, «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты жер комиссиясы осы Кодекстің 43-бабының 2-тармағына сәйкес өткізеді», - делінген.
Алайда, төменде көрсетілген Бәйдібек аудандық жер қатынастары жөніндегі комиссия құрамының мүшелері:
2.Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы, комиссия төрағасының орынбасары Оразов Нуралы Ерадилович - денсаулық жағдайына байланысты;
3.Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Енжанов Марат Лесбекұлы - отбасылық жағдайына байланысты;
4.«Алғабас» газетінің директоры-бас редакторы Әділбеков Ерлан – іс сапарда болуына байланысты;
5.Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Бәйдібек аудандық филиалының директоры Спабеков Сылқынбек Абдиханович - денсаулық жағдайына байланысты;
6.Түркістан облысының Бәйдібек ауданының фермерлер одағының қауымдастық төрағасы Каскабаев Алихан Ауесханович - отбасылық жағдайына байланысты;
7.Қоғамдық кеңестің мүшесі Ашрафи Бадир Рахманоглы - отбасылық жағдайына байланысты;
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсын аудандық жер комиссиясы мүшелерінің толық құрамда болмауына байланысты шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсын өткізуді кейінге қалдыруды сұрады.
Конкурсты кейінге қалдыру комиссиясының хаттамалық шешімімен рәсімделеді, бір жұмыс күні ішінде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының интернет-ресурсында орналастырылатыны көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығымен бекітілген шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағида талаптарына сай, Бәйдібек аудандық жер қатынастары бөлімі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты кейінге қалдыру туралы хабарламаны аудандық «Алғабас» газетінің басылымында, аудандық интернет-ресурсында жарияланатын болады. Хабарламада шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс қайта өткізілетіндігі туралы көрсетілген.
Жоғарыдағының негізінде ШЕШІМ ЕТТІ:
1.Бәйдібек ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс, аудандық конкурстық комиссия мүшелерінің толық құрамда болмауына байланысты конкурс кейінге қалдырылсын.
2.Хаттамалық шешім бір жұмыс күні ішінде аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастарылсын.
Аудан әкімінің заң
кеңесшісі, комиссия мүшесі Н.А.Пазилов
Аудандық кәсіпкерлік және
ауыл шаруашылығы бөлімінің
басшысы, комиссия мүшесі Т.И.Уркумбаев
Аудандық жер қатынастары
бөлімінің бас маман заңгер,
комиссия хатшысы К.Т.Егембердиев