Ақбастау ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

Ақбастау ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2025 жылғы 13 шілдеде Бәйдібек ауданындағы Ақбастау ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Бәйдібек ауданы Ақбастау ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Ақбастау ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 2532 азамат енгізілді, олардың 1393 (55,01%) дауыс берді.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Күдеров Ғ.Б. – 89; Патсаев Д.С. – 1019; Тұрмаханбет Н.Ә. – 129; «Барлығына қарсы» – 92.

1989 жылы туылған, Ақбастау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Бәйдібек ауданы, Ақбастау ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған Патсаев Данияр Сабитович Ақбастау ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Дата публикации
14 июля 2025