Бәйдібек ауданындағы Ақбастау ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша бірқатар кандидаттарды тіркеуден алу туралы ХАБАРЛАМА

Бәйдібек ауданындағы Ақбастау ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша бірқатар кандидаттарды тіркеуден алу туралы

ХАБАРЛАМА

 

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен:

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚРКЗ-ның 113-6 бабы 1-тармағына сәйкес, өз өтініштері негізінде Ақбастау ауылдық округінің әкіміне кандидаттар Беріков Мейржанның, Жөкебаев Жандос Нұрлыханұлының;

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚРКЗ-ның 113-5 бабы 11-тармағының 8) тармақшасы 2-бөлігіне сәйкес, декларацияланған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыс еместігі декларация тапсыру кезінде анықталуына байланысты Ақбастау ауылдық округінің әкіміне кандидат Ержанов Ердос Құлмырзаұлының кандидатуралары тіркеуден алынғандығын хабарлайды.

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Хабарлама
Дата публикации
27 июня 2025