Бәйдібек ауданындағы Ақбастау ауылдық округі әкіміне
кандидаттарды тіркеу туралы ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 13 шілдеге тағайындалған Ақбастау ауылдық округі әкімінің
сайлауы бойынша әкімдікке кандидат ретінде:
- 1989 жылы туылған, Ақбастау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Ақбастау ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған,
«Amanat» партиясының мүшесі, ұлты қазақ, Патсаев Данияр Сабитович;
- 1982 жылы туылған, Бәйдібек ауданы әкімі аппаратының ақпараттық
қауіпсіздік және құпия режимді қамтамасыз ету бөлімшесінің бас маманы, Шаян ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған, ұлты қазақ, Тұрмаханбет Нұржан Әскербекұлы;
- 1993 жылы туылған, Бөген ауылдық округі әкімінің кеңесшісі, Шалдар ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған, ұлты қазақ, Күдеров Ғабит Бағдатұлы тіркелгенін хабарлайды.
Ескерту: Әкімдікке кандидаттарды тіркеу 22 маусым күні жергілікті
уақытпен сағат 18:00-де аяқталады.