Бәйдібек ауданының Ақбастау ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі сайлау округін құру туралы

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының  2025 жылғы 4 маусымдағы № 4 қаулысы

 

 

Бәйдібек ауданының Ақбастау

ауылдық округі әкімін сайлау

жөніндегі сайлау округін құру

туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бәйдібек ауданының Ақбастау ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі Ақбастау сайлау округі – Ақбастау ауылдық округінің шекарасында құрылсын.
  2. Ақбастау сайлау округі мен оның шекарасы және Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген ақпарат (1-қосымша) Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

 Төраға                      М.Қырықбаев

Хатшы                      Р.Жангазиева

 

 

 

 

 

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

2025 жылғы  4 маусымдағы  № 4 қаулысына 1-қосымша

 

Ақбастау сайлау округі мен оның шекарасы және

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

орналасқан жері туралы ақпарат

Бәйдібек ауданының Ақбастау ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі Ақбастау сайлау округінің шекарасы – Ақбастау ауылдық округінің (Ақбастау, Жолғабас, Кеңес, Тұрақты ауылдары) аумағы.

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан мекен жайы – О.Тайманов атындағы өнер және саз мектебінің ғимараты. Шаян ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 39/1 үй.

қаулы
Дата публикации
04 июня 2025