Бәйдібек ауданындағы Көктерек ауылдық округі әкіміне
кандидаттарды тіркеу туралы ХАБАРЛАМА
Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 2 мамырдағы отырысында Көктерек ауылдық округі бойынша:
- 1977 жылы туылған, уақытша жұмыссыз, Кеңестөбе ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған, ұлты қазақ, Турбеков Серик Уйсбекович;
- 1982 жылы туылған, Бәйдібек ауданы әкімі аппараты персоналды басқару бөлімшесінің бас инспекторы, Шаян ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған, ұлты қазақ, Бейісбеков Бауыржан Нұсқабекұлы;
- 1991 жылы туылған, Бәйдібек ауданы әкімі аппараты әкімшілік-жалпы бөлімшесінің басшысы, Шаян ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған, ұлты қазақ, Сарыпбеков Өркен Жамбылұлы әкімдікке кандидат ретінде тіркелгенін хабарлайды.
Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы