БӘЙДІБЕК АУДАНЫНЫҢ КӨКТЕРЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 13 сәуірдегі отырысында Көктерек ауылдық округі бойынша:
- 1988 жылы туылған, Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау секторының бас маманы, Шаян ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған, ұлты қазақ, Утепбергенов Еркебулан Канатович;
- 1996 жылы туылған, Бәйдібек ауданы әкімдігінің Көктерек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман – жер инспекторы, Жамбыл ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған, ұлты қазақ, Нұрлан Бақдәулет Артықұлы;
- 1989 жылы туылған, Бәйдібек аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің есепшісі, Шаян ауылының тұрғыны, «Аmanat» партиясы ұсынған, «Аmanat» партиясының мүшесі, ұлты қазақ, Сыздыкбаев Абылайхан Ауелханович әкімдікке кандидат ретінде тіркегенін хабарлайды.