Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 26 наурыздағы № 2 қаулысы
Бәйдібек ауданы, Көктерек
ауылдық округі әкімінің
сайлауын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Cайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1 бабы 3-тармағына сәйкес, Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Төраға М.Қырықбаев
Хатшы Р.Жангазиева
|
|
Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 26 наурыздағы № 2 қаулысына қосымша |
Бәйдібек ауданы, Көктерек ауылдық округінің әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
|
1. Көктерек ауылдық округінің әкімін (бұдан әрі – әкімді) сайлауды тағайындау. |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы. (113-1б., 1-т. 2) т., 3-т.) |
|
2. Сайлау округі мен оның шекарасы және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы. Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен – 2025 жылы 5 сәуірден кешіктірмей. (22-б., 2-т.) |
|
3. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы. Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен – 2025 жылы 5 сәуірден кешіктірмей. (13-б. 4-т.) |
|
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы. Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен – 2025 жылы 10 сәуірден кешіктірмей. (17-б. 2-т.) |
|
5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
Аудан әкімі. Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде. 2025 жылы 10 сәуірге дейін. (23-б. 5-т.) |
|
6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну. |
|
|
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар. Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. 2025 жылы 27 наурыздан басталады, 8 сәуір сағат 18.00-де аяқталады (113-3-б.1, 5-т.) |
|
7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау үшін жинақталған құжаттарды мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментіне ұсыну. |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы. (4-б., 113-5-б., 11-т., 2)т.) |
|
8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру. |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы. Әкімдікке кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап. (14-б. 8-1) т., 31-б.) |
|
9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру. |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы. Кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде. (113-4-б.) |
|
10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу. |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы, құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып. Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде. (113-4-б. 8-т.) |
|
11. Бәйдібек ауданы әкімі аппаратының шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу. |
|
|
|
Әкімдікке кандидаттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін). Құжат тапсырып тіркелгенге дейін. (113-5-б. 2-т.) |
|
12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне (01.03.2025ж.) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну. |
|
|
|
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы). Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.) |
|
13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру. |
|
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары. Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде. (113-5-б. 3-т.) |
|
14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру. |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы. Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. 2025 жылы 27 наурыздан басталады, 13 сәуір күні жергілікті уақытпен сағат 18:00-де аяқталады. (113-5-б.) |
|
15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы. Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей. (113-5-б. 9-т.) |
|
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру. |
|
|
|
Аудан әкімдігі және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы. Үгіт басталғанға дейін. (28-б. 6-т.) |
|
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу. |
|
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. 2025 жылы 13 сәуір күні сағат18:00-ден кейін басталады және 3 мамыр күні нөл сағатта аяқталады. (27-б. 2-т.) |
|
18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
Аудан әкімдігі және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде. (28-б. 4-т.) |
|
19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша аудан әкімі қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну. |
|
|
|
Аудан әкімі. Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын – 2025 жылы 14 сәуірге дейін. (24-б. 5-т.) |
|
20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну. |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары. Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда – 2025 жылы 19 сәуірден бастап. (26-б. 1-т.) |
|
21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету. |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары. Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен – 2025 жылы 24 сәуірден кешіктірмей. (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.) |
|
22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу. |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы. Сайлаудан ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын – 2025 жылғы 1 мамырдан ерте емес, 3 мамырдан кеш емес. (37-б. 3-т.) |
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау. |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары. Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда – 2025 жылы 4 мамыр күні жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де. (40-б. 1-т.) |
|
24. Дауыс беруді өткізу. |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары. Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін. (38-б. 1-т.) |
|
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскелерінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау. |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары. Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады. (18-б., 8)т., 43-б., 1-т.) |
|
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскелерінiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу. |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары. Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) |
|
27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну. |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары. Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу. (113-8-б. 1-т.) |
|
28. Әкім сайлауының қорытындысын белгілеу. |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы. Сайлаудан кейін үш күндік мерзімнен – 2025 жылы 7 мамырдан кешіктірілмей. (113-10-б.) |
|
29. Әкімді сайлау қорытындысы туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы. Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен – 2025 жылы 10 мамырдан кешіктірілмей. (44-б.) |
|
30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру. |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы. Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде. Сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Республика заңдарына сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін – 2025 жылы 10 мамырдан кешіктірілмей. (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т.) |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.