Бәйдібек ауданы, Көктерек ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі сайлау округін құру туралы

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 26 наурыздағы № 1 қаулысы

 

 

Бәйдібек ауданы, Көктерек ауылдық

округінің әкімін сайлау жөніндегі

сайлау округін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Бәйдібек ауданы, Көктерек ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі Көктерек сайлау округі – Көктерек ауылдық округінің шекарасында құрылсын.
  2. Көктерек сайлау округі мен оның шекарасы және Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген ақпарат (1-қосымша) Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

Төраға М.Қырықбаев

Хатшы Р.Жангазиева

 

 

 

 

 

 

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

2025 жылғы  26 наурыздағы  №1 қаулысына 1-қосымша

 

Көктерек сайлау округі мен оның шекарасы және

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

орналасқан жері туралы ақпарат

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Көктерек ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі Көктерек сайлау округінің шекарасы – Көктерек ауылдық округінің (Кеңестөбе, Бірлік, Ынтымақ ауылдары) аумағы.

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан мекен жайы – О.Тайманов атындағы өнер және саз мектебінің ғимараты. Шаян ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 39/1 үй.

Бәйдібек ауданы, Көктерек ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі сайлау округін құру туралы
Дата публикации
26 марта 2025