Түркістан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтерген 213 кәсіпкерлерге әкімшілік шара көрілді.

Түркістан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтерген 213 кәсіпкерлерге әкімшілік шара көрілді.

 

        Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде азық-түлік бағаларының өсуіне бақылау жасауды және тұрақтандыру қорлары арқылы азық-түлік тауарлары нарығын тұрақтандыруды тапсырған болатын.

        Тауарлардың бағасын тұрақтандыру және негізсіз өсуін болдырмау мақсатында Түркістан облысы әкімінің өкімімен құрылған «Азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі» комиссияның жыл басынан бері 70 отырысы өткізілді.

         Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 9-бабына сәйкес, сатушылар шекті сауда үстемесінің жол берілетін мөлшері өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда берушінің сатып алу бағасының 15 (он бес) пайызынан асырмау тиіс. Қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тарапынан, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің» 204-4-бабына сәйкес ішкі сауда субьектісінің «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ӘМАТ-қа сауда үстемесінің мөлшерін асырып сатқаны үшін Түркістан облысы бойынша 213 кәсіпкерлік субъектісіне әкімшілік шара көріліп, заң бұзушылықтар жойылды. Жалпы Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тұрақты және бағасын негізсіз өсірмеу бойынша жұмыстар күнделікті бақылауда сонымен қатар тиісті шаралар атқарылуда.

        Қазіргі уақытта ӘМАТ тізіміне 19 тауар; яғни, бірінші сортты бидай ұны, бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді), рожки (өлшеніп салынатын), қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын), тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын), картоп, асханалық сәбіз, басты пияз, ақ қауданды қырыққабат, ақ қант – құмшекер, күнбағыс майы, сиыр еті (сүйекті жауырын – төс бөлігі), тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік), пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада, майлылығы 2,5%, айран, жұмсақ қаптамада, сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ), тауық жұмыртқасы (І санатты), ас тұзы («Экстра»-дан басқа), сүзбе, майлылығы 5-9% кіреді.

Түркістан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтерген 213 кәсіпкерлерге әкімшілік шара көрілді.
Дата публикации
25 сентября 2024