«Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 21-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына және 27-бабының 4-тармағына сәйкес Орталық референдум комиссиясы өз өкілеттіктеріне сәйкес дауыс беруге арналған бюллетеннің нысаны мен мәтінін белгіледі.
Мемлекеттік және орыс тілдерінде дауыс беруге арналған бюллетень нысаны мен мәтінінің жобасы дайындалды.
Шығарылған сұрақтың тұжырымы: «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» / «Согласны ли Вы со строительством атомной электростанции в Казахстане?»
Және дауыс берушінің жауап нұсқалары:
ИӘ, келісемін / ДА, согласен (-на)
ЖОҚ, келіспеймін / НЕТ, не согласен (-на)
Дауыс беруші дауыс беретін жауап нұсқасының оң жағындағы бос шаршыға кез келген белгі қояды.