Ағыбет, Бөген ауылдық округтері әкімдері сайлауының қорытындысы
мен сайланған әкімдер туралы хабарлама
Бәйдібек ауданы, Ағыбет ауылдық округі әкімінің сайлауында тізімге енгізілген сайлаушылар саны – 1301, дауыс беруге қатысқаны – 849 (65,3%).
Сайлау қорытындысында Айнебеков Ербол Асылбайұлы – 63 (7,8%), Күздеубаев Ердана Шаймырзаұлы – 744 (92,2%) дауысқа ие болды.
Дауыс беру нәтижесі бойынша «Amanat» партиясы ұсынған, 1987 жылы туған, Бәйдібек ауданы, Ағыбет ауылдық округі әкімінің аппартының бас маман-салық испекторы Куздеубаев Ердана Шаймырзаевич – Ағыбет ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Бәйдібек ауданы, Бөген ауылдық округі әкімінің сайлауында тізімге енгізілген сайлаушылар саны – 2848, дауыс беруге қатысқаны – 2002 (70,3%).
Сайлау қорытындысында Қонысбеков Қанат Тәттібекұлы – 1779 (91,3%), Құрманбеков Ердос Исембекұлы – 169 (8,7%) дауысқа ие болды.
Дауыс беру нәтижесі бойынша «Amanat» партиясы ұсынған, 1979 жылы туған, Бәйдібек ауданы, Бөген ауылдық округі әкімінің орынбасары Қонысбеков Қанат Тәттібекұлы – Бөген ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы