Ақпараттық хабарлама
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес, Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 31 қаңтардағы №1 «Шығып қалғанның орнына Бәйдібек аудандық мәслихаты депутатының сайлауын тағайындау туралы» қаулысымен, сайлаудың 2024 жылдың 31 наурызына белгіленуі негізінде «Шаян» газетінің редакциясы Бәйдібек аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттарға сайлауалды үгіт-насихаттар жасаулары үшін баспа алаңын береді. Бәйдібек аудандық мәслихатының депутатын сайлау бойынша үгіт жарияланымдары келісімдер жасау, тiркеу аяқталған күннен басталады: 2024 жылғы 5 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізден кейін.
Құны 1 шаршы сантиметрге 200 (екі жүз) теңге – 2, 3 беттер (ақ-қара түсті).
Бәйдібек аудандық мәслихатының депутатына кандидаттарға газет алаңын беруге Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кандидаттарды тіркеу туралы шешімі және бұқаралық ақпарат құралдарының басшысының атына жазбаша өтініші негіз болады.
Материалдар дайын басылған түрде (әр парақта кандидаттың немесе оның өкілетті өкілінің қолы қойылған) немесе электронды тасымалдағышта ұсынылады.
Бәйдібек аудандық мәслихатының депутатына кандидаттардың сайлауалды жарияланымдары 100% алдын ала төлемнен кейін, олардың келіп түсу тәртібімен және «Шаян» газетімен жасалған келісімдерде көрсетілген мерзімде жарияланады.
Бұқаралық ақпарат құралдарында Бәйдібек аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды сайлауалды жарияланымдарында қаржыландыру көздері туралы ақпарат болуы қажет екенін естеріңізге саламыз.
Мазмұны «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңының талаптарына сәйкес келмейтін мәтіндер жарияланбайды.
«Шаян» газеті редакциясы ЖШС директоры Ұ.Абзалұлы
«Шаян» газеті редакциясы ЖШС
«Шаян» тәуелсіз апталық газеті
Түркістан облысы
Бәйдібек ауданы
Шаян ауылы, Т.Тасболатұлы көшесі, 1
Тел./ факс: 8-778-414-73-83, gazeta_shayan@mail.ru