АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Міндетті жинақтаушы және аралас зейнетақы жүйелерін дамыту келешегі 

 

2023 жылғы 28 қыркүйекте Алматыда "Міндетті жинақтаушы және аралас зейнетақы жүйелерін дамыту келешегі" атты жоғары деңгейдегі халықаралық дөңгелек үстел өтті. Оған шетелдік және қазақстандық жетекші сарапшылар қатысты. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде өткізілді. Дөңгелек үстелді әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік мекемелерді, ұйымдар мен ведомстволарды біріктіретін жетекші халықаралық ұйым – Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығымен (ХӘҚҚ) бірлесе отырып, Қазақстанның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) ұйымдастырды.

Салтанатты шараны ашқан ХӘҚҚ президенті доктор Мохаммед Азман: "Зейнетақы жүйелеріндегі өзгермелі жағдай және қартаюдың жаһандық тенденцияларымен байланысты мәселелер үнемі ынтымақтастықта болу мен инновацияны қажет етеді. Дөңгелек үстел әлемнің түкпір-түкпірінен келген сарапшыларға, саясаткерлерге және мүдделі тараптарға пікір алмасу, озық тәжірибелерімен бөлісу және зейнетақы жүйелерінің болашағына бағыт-бағдар беруге болатын бірегей платформа ұсынады. Біз бірлесіп инновациялық шешімдерді зерттей аламыз, технологияларды қолдана аламыз және зейнетақы схемаларының сенімді, бейімделгіш және қоғамымыздың өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне жауап беруін қамтамасыз ете аламыз. Бұл оқиға Қазақстан үшін ғана емес, зейнетақы жүйелерін дамытуға мүдделі әлемдік қоғамдастық үшін де маңызды болып табылады",- деді.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Дата публикации
10 октября 2023