ТІРКЕУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-5 бабына сәйкес, 06.10.2023 жылғы жағдай бойынша – Бәйдібек ауданы әкімі лауазымына тіркелген кандидаттар жөнінде хабарлайды:
Тазабеков Элдар Пернебекұлы 1983 жылы туған, Бәйдібек ауданы, Алмалы ауылдық округінің әкімі, Бәйдібек ауданы, Алмалы ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
Купешев Алмаз Шораұлы 1966 жылы туған, «Amanat» партиясының мүшесі, «Мирас» университетінің профессоры, Шымкент қаласының тұрғыны, «Amanat» партиясы ұсынған.
Сабиров Нұржан Тұрарұлы 1975 жылы туған, Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.