Қазақстан Республикасы «Жер Кодексінің» 43-1 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына сәйкес, Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты жариялайды.
Конкурс 2023 жылғы қараша айының 24 жұлдызы күні сағат 10:00-де Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, Б.Қарашаұлы көшесі, №51 үй, Бәйдібек ауданы әкімдігінің ғимараты 2-қабат мәжіліс залында өткізіледі.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу 2023 жылғы қазан айының 30 жулдызынан бастап 2023 жылғы қараша айының 17 жулдызына дейін жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысу өтінімдерді Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, Шәкәрім көшесі, №1А үй, Бәйдібек аудандық жер қатынастары бөлімінің 2-қабат 9 кабинетінде қабылданады.
Конкурсқа қатысты барлық сұрақтарға, жауаптар мен кеңесті осы нөмерге хабарласып алуға болады Тел: 8/72548/2-16-15.
Ескерту: Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға қажетті құжаттарды және өтінімдерді Қазақстан Республикасы «Жер Кодексінің» 43-1 бабының және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығының талаптарына сәйкес қабылданатынын сонымен қатар құжаттар мен өтінімдер талаптарға сәйкес келмеген жағдайда бас тартуға жататынын хабарлаймын.