Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 19 шілдедегі № 50 шешімі

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

2023 жылғы 19 шілдедегі № 50 шешімі

 

 

Бәйдібек ауданы, Алғабас ауылдық

округінің әкімін сайлау жөніндегі

сайлау округін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Бәйдібек ауданы, Алғабас ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі Алғабас сайлау округі – Алғабас ауылдық округінің шекарасында құрылсын.
  2. Алғабас сайлау округі мен оның шекарасы және Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген ақпарат (1-қосымша) Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

                      Төраға                      М.Қырықбаев

 

                      Хатшы                          Р.Жангазиева

 

 

 

1-қосымша

Алғабас сайлау округі мен оның шекарасы және Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері туралы ақпарат

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданына қарасты Алғабас ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі Алғабас сайлау округінің шекарасы – Алғабас ауылдық округінің аумағы (Қазата, Таңатар, Үсіктас, Шақпақ ауылдары).

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мекен жайы – Шаян ауылы, Б.Қарашаұлы көшесі, 39 үй (Шаян ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты).

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 19 шілдедегі № 50 шешімі
Дата публикации
19 июля 2023