Хабарландыру
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 20-бап, 12-тармағына сәйкес, кандидаттың сенімді өкілі болып тіркелуіне байланысты – № 142 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі А.А.Амалова, кандидаттардың жақын туыстары болуына байланысты – №150 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі К.А.Сыпабеков, №181 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері Н.Е.Турлыбеков, Н.М.Дүйсебаев, кандидатқа қызметі бойынша тікелей бағынышты болуына байланысты – №162 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері Б.Д.Тұрғанбек, Қ.Б.Әлімбаев, депутаттыққа кандидат ретінде тіркелуіне байланысты – №175 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Р.Ү.Сарыпбековтың міндеттері сайлау науқаны кезеңіне тоқтатылды.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен міндеттері тоқтатылған сайлау комиссиялары мүшелерінің орнына сайлау науқаны кезеңіне Ж.К.Култасов (№142 УСК), С.К.Елтаев (№150 УСК), А.Т.Айтбеков (№180 УСК), А.Е.Омархан (№180 УСК), М.Ш.Оразымбетов (№162 УСК), Г.Ш.Ешмұратова (№162 УСК), Ж.С.Оязбек (№175 УСК) сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.
Денсаулығына байланысты Ж.Е.Алимшеевтің № 181 учаскелік сайлау комиссиясындағы міндеті сайлау науқаны кезеңіне тоқтатылып, орнына заңда белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін А.К.Беккулиев тағайындалды.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 19-бап, 6-тармақ 2-бөлігінің 1) тармақшасына және 8-тармағына сәйкес, өз өтініштері бойынша №150 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Т.Қ.Әкім, №175 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Ф.П.Полатханова міндеттерінен босатылып, орнына заңда белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін Е.О.Кеңесбеков (№150 УСК), О.Ш.Жанысбаева (№175 УСК) тағайындалды.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 17-бап, 1-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, №189 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері Е.Н.Жетібаев, А.С.Есалиева – № 188 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына, П.У.Байтуарова, Н.Т.Сабиров – № 190 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына бекітілді.
Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы