Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 20 қаңтардағы №5 шешімі
2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған
Бәйдібек аудандық мәслихаты
депутаттарының кезектен тыс сайлауын
әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі
іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңын және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 20 қаңтардағы №18/669, №18/671 қаулыларын басшылыққа алып, Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
Бәйдібек аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы М.Қырықбаев
Комиссия хатшысы Р.Жангазиева
Бәйдібек аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының
2023 жылғы 20 қаңтардағы № 5
шешіміне қосымша
|
1. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|||||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы. Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен – 2023 жылғы 29 қаңтардан кешіктірмей. (14-б. 6) т., 22-б.) |
||||
|
2. Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|||||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы. Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен – 2023 жылғы 29 қаңтардан кешіктірмей. (13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.) |
||||
|
3. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|||||
|
|
Аудан әкімі. Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде. 2023 жылғы 2 ақпаннан кешіктірмей. (23-б. 5-т.) |
||||
|
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|||||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы. Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен – 2023 жылғы 2 ақпаннан кешіктірмей. (17-б. 2-т.) |
||||
|
5. Бірмандаттық сайлау округтері бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тиісті округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну. |
|||||
|
|
Азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен және саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы. 2023 жылғы 20 қаңтарда басталады және 8 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталады. (103-б.) |
||||
|
6. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу. Тиісті округтік сайлау комиссиялары. Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін. (102-б.) |
|||||
|
7. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну. |
|||||
|
|
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы). Тіркелгенге дейін. (104-б. 2-т.) |
||||
|
8. Кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы Бәйдібек аудандық сайлау комиссиясына ұсыну. |
|||||
|
|
Тиісті округтік сайлау комиссиялары. Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде. (104-б. 5-т.) |
||||
|
9. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|||||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы. Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей. (104-б. 6-т. 1-тт, 6-1-т. 1-тт.) |
||||
|
10. Кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу. |
|||||
|
|
Округтік сайлау комиссиялары. Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін. (14-б , 8-тт.), 16-1-т. 6-тт., 31-б.) |
||||
|
11. Кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру. |
|||||
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары. Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде. (104-б. 2-т.) |
||||
|
12. Кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу. |
|||||
|
|
Округтік сайлау комиссиялары. Кандидат тіркелгеннен кейін. (34-б. 6-т.) |
||||
|
13. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың, саяси партиялардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау. |
|||||
|
|
Тиісті округтік сайлау комиссиялары. Айына екі рет. |
||||
|
14. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру. |
|||||
|
|
Аудан әкімі және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы. Үгіт басталғанға дейін, 2023 жылғы 18 ақпанға дейін. (28-б. 6-т.) |
||||
|
15. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
|||||
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. 2023 жылғы 18 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2023 жылғы 18 наурызда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. (27-б. 2-т.) |
||||
|
16. Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|||||
|
|
Аудан әкімі және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде. (28-б. 4-т.) |
||||
|
17. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну. |
|||||
|
|
Аудан әкімі. Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын. 2023 жылғы 26 ақпанға дейін. (26-1 б. 1-т.) |
||||
|
18. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну. |
|||||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары. Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда. 2023 жылғы 4 наурыздан кешіктірмей. (26-б. 1-т.) |
||||
|
19. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету. |
|||||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары. Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей. 2023 жылғы 9 наурызға дейін. |
||||
|
20. Жекелеген сайлау учаскелерінде дауыс беруді бастау мен аяқтаудың басқа уақытын белгілеу және бұл туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу. |
|||||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы. Сайлау күніне дейінгі он күннен кешіктірмей. 2023 жылғы 9 наурызға дейін. (38-б. 1-т., 3-т.) |
||||
|
21. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу. |
|||||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы. Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей. 2023 жылғы 16 наурыздан ерте емес және 18 наурызға дейін. (37-б. 3-т.) |
||||
|
22. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау. |
|||||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары. Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда. Дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де. (40-б. 1-т.) |
||||
|
23. Дауыс беруді өткізу. |
|||||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары. Сайлау күні, егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін. (38-б. 1-т.) |
||||
|
24. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде аудандық мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау. |
|||||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары. Егер дауыс беруді аяқтаудың басқа уақыты белгіленбесе және дауыстарды санау басталғаннан 12 сағаттан аспаса, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады. (18-б. 8) т., 43-б.) |
||||
|
25. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу. |
|||||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары. Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу. (43-б. 8-т.) |
||||
|
26. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті сайлау комиссияларына ұсыну. |
|||||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары. Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу. (108-б. 1-т.) |
||||
|
27. Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну. |
|||||
|
|
Округтік сайлау комиссиялары. Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу. (108-б. 1-т.) |
||||
|
28. Мәслихат депутаттарын сайлаудың нәтижелерiн белгілеу. |
|||||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы. Сайлау өткен күннен кейін екі күндік мерзімнен – 2023 жылғы 21 наурыздан кешіктірмей. (14-б. 9) т, 44-б. 2-т., 108-б.2,3-т) |
||||
|
29. Мәслихат депутаттарын сайлау қорытындыларын анықтау. |
|||||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы. Сайлау өткізілген күннен бастап бес күннен – 2023 жылғы 24 наурыздан кешіктірмей. (111-б. 1-т.) |
||||
|
30. Бәйдібек аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|||||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы. (14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.) |
||||
|
31. Сайланған Бәйдібек аудандық мәслихат депутаттарын тіркеу және әрбір депутатқа куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру. |
|||||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы. (14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.) |
||||
|
32. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясына сайлау қорлары қаражатының пайдаланылуы туралы есептер беру. |
|||||
|
|
Кандидаттар. Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін бес күннен кешіктірмей. (34-б. 9-т.) |
||||
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.