Банкроттық рәсімі туралы не білу қажет?
Қарыз алушылардың төлем қабілетсіздігін реттеу, оларды оңалту мақсатында Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заң жобасы әзірленді, ол қазіргі уақытта ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауында жатыр.
Аталған Заң жобасы халықаралық тәжірибені ескерумен азаматтар үшін банкроттық рәсімдерінің үш түрін көздейді.
Fingramota.kz-ке олар жөнінде ҚР Қаржы министрлігінің Берешекпен және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасы басшысының орынбасары Сисембаева Меруерт Қабдырашитқызы неғұрлым толығырақ айтып берді.