Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
№ 76 хаттамасы
Шаян ауылы, 17 қазан 2022 жыл.
Қатысқанқандар: Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары – Әлішев Ә.М., Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Оразымбетов Д.Ш., Бәйдібек ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы Омаров Ғ.Қ., Бәйдібек аудандық сайлау комиссиясының құрамы және учаскелік сайлау комиссиясының төрағалары мен хатшылары (107 адам).
Күн тәртібі:
Тыңдалды (Әлішев Ә.М.) 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын таныстырды.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету үшін –дауыс беруге арналған үй-жайдың ғимараттарда пандустардың, тактильді төсеніштердің болуын ескеру, сайлау учаскелерін Қазақстан Республикасының әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділік картасына енгізілу қажеттігі айтылды. Зағип-саңырау және саңырау сайлаушылардың көпшілік санының дауыс беруге қатысуы жорамалданып отырған сайлау учаскелерінде сурдоаудармашылар, тифлосурдоаудармашылар тартылу қажеттігі ескертілді.
Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарын бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктер туралы айтылды.
Семинар соңында сайлау заңдылықтары бойынша сұрақтар қойылып, біліктілігін анықтауға арналған тест тапсырмалары берілді.
Семинар барысында сайлау комиссияларынан түскен сұрақтарға жауаптар берілді.
Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы шешТІ:
Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Қырықбаев М.Е.