Алмалы ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындысы
мен сайланған әкім туралы хабарлама
Бәйдібек ауданы, Алмалы ауылдық округі әкімінің сайлауында тізімге енгізілген сайлаушылар саны – 1403, дауыс беруге қатысқаны – 920 (65,6%).
Сайлау қорытындысында Нахыпбаев Багдат Аргынбаевич –187 (22%), Тазабеков Элдар Пернебекұлы – 663 (78%) дауысқа ие болды. Дауыс беру нәтижесі бойынша өзін-өзі ұсынған, 1983 жылы туған, Алмалы ауылдық округінің бұрынғы әкімі Тазабеков Элдар Пернебекұлы – Алмалы ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы