Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 12 тамыздағы № 47 шешімі

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

2022 жылғы 12 тамыздағы № 47 шешімі

 

 

Бәйдібек ауданы, Алмалы ауылдық

округінің әкімін сайлау жөніндегі

сайлау округін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Бәйдібек ауданы, Алмалы ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі Алмалы сайлау округі – Алмалы ауылдық округінің шекарасында құрылсын.
  2. Алмалы сайлау округі мен оның шекарасы және Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген ақпарат (1-қосымша) Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

 

                      Төраға                      М.Қырықбаев

 

                      Хатшы                          Р.Жангазиева

 

 

1-қосымша

Алмалы сайлау округі мен оның шекарасы және Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері туралы ақпарат

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданына қарасты Алмалы ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі Алмалы сайлау округінің шекарасы – Алмалы ауылдық округінің аумағы (Алмалы, Байжансай, Бәйдібеката, Жарықбас ауылдары).

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мекен жайы – Шаян ауылы, Б.Қарашаұлы көшесі, 39 үй (Шаян ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты).

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 12 тамыздағы № 47 шешімі
Дата публикации
11 августа 2022