Аудан әкімі Е.Шәріпбековтің ауылдық округ тұрғындарымен кездесуіндегі өзекті мәселелер

Аудан әкімі Е.Шәріпбековтің ауылдық округ тұрғындарымен кездесуіндегі өзекті мәселелер

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

 

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушы
(ЖАО құрылымдық бөлімшесі)

Аяқтау нысаны

Ескерту / орындау

Ауыл шаруашылық саласы

1

Боралдай елді мекенінде кәсіпкерлік мақсатта салынатын спорт кешенінің жерін аукционға қою жұмыстары ұйымдастырылса.

(Боралдай ауылдық округі, Боралдай елді мекенінің тұрғыны – Д.Орынбаев)

Боралдай елді мекенінде кәсіпкерлік мақсатта салынатын спорт кешенінің жерін аукционға қою жұмыстары маусым айында жүзеге асырылатын болады.

2022 жылдың маусым айы

Бәйдібек аудандық жер қатынастары бөлімі

-

-

2

Тұрақты елді мекеніндегі «Тұтарық» каналын тазалау жұмыстары жүргізілсе.

(Ақбастау ауылдық округі, Ақбастау елді мекенінің тұрғыны – А.Жүнісов)

 

 

Ал, 2022 жылға жалпы ұзындығы 83 шақырымды құрайтын 8 каналдың (Тұтарық, Қабыл, Сарқырама, Қарақожа, Қосарық, Кәрітоған, Ақтас, Боазарық) бойындағы 49,8 шақырым ұзындығына кезең-кезеңімен механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу үшін, барлығы 15 044 000 теңге қаржы қаралып отыр.

2022 жылдың желтоқсан айы

Бәйдібек аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

-

Тұрғын үй және коммуналдық саласы

3

Амансай елді мекеніндегі жаңадан тұрғызылған су мұнарасын іске қосып, ауыл толық ауыз сумен қамтамасыз етілсе.

(Боралдай ауылдық округі, Амансай елді мекенінің тұрғыны – Ә.Маханбетов)

Амансай елді мекеніндегі жаңадан тұрғызылған су мұнарасы «Бәйдібек Су» МКК мамандары тарапынан толығымен қалпына келтіріледі.

2022-2023

Бәйдібек аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Қаржы бөлінуіне қарай

4

Бірлік елді мекенінің ішіндегі көшелерге көше жарық шамдары орнатылса.

(Көктерек ауылдық округі, Бірлік елді мекенінің тұрғыны - )

 

Бірлік елді мекеніндегі ішкі көшелерге көше жарықтарын орнатуға сметалық құжаттамалары әзірленуде. 2023 жылға қаржыландыруға ұсынылатын болады.

 

2023-2024

Бәйдібек аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Қаржы бөлінуіне қарай

 

Дата публикации
01 июня 2022