Борлысай ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындысымен сайланған әкім туралы хабарлама
Бәйдібек ауданы, Борлысай ауылдық округі әкімінің сайлауында тізімге енгізілген сайлаушылар саны – 1351, дауыс беруге қатысқаны – 1181 (87,4%).
Сайлау қорытындысында Шәбдезім Ғалым – 916 (79%), Тұрмаханбет Нұржан Әскербекұлы – 244 (21%) дауысқа ие болды. Дауыс беру нәтижесі бойынша «AMANAT» партиясы ұсынған, 1965 жылы туған, Борлысай ауылдық округінің бұрынғы әкімі Шәбдезім Ғалым – Борлысай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы