Бәйдібек аудандық аумақтық референдум комиссиясының
ШЕШІМІ
Шаян ауылы № 30 « 6 » мамыр 2022 жыл
2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған
республикалық референдумды
әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі
іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын
бекіту туралы
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 қарашадағы Конституциялық заңының 6-бабының 3-тармағына, 8-бабының 2-тармағына, 21-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына, 24-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 мамырдағы «2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы» № 888 Жарлығы мен Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының 2022 жылғы 6 мамырдағы № 32/482 қаулысы, Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 6 мамырдағы № 188/145 шешімі негізінде Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
|
Төраға
|
М.Қырықбаев |
|
Хатшы |
Р.Жангазиева |
Бәйдібек аудандық аумақтық референдум комиссиясының
2022 жылғы 6 мамырдағы №30
шешімімен бекітілген
Бәйдібек аудандық аумақтық референдум комиссиясының
2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған Республикалық референдумды
әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының
Күнтізбелік жоспары
|
1. Бұқаралық ақпарат құралдарында Бәйдібек аудандық аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының құрамын жариялау.
|
|
|
|
Бәйдібек аудандық аумақтық референдум комиссиясы. Референдум тағайындалғаннан кейін он күннен – 2022 жылғы 15 мамырдан кешіктірмей.
|
|
2. Бұқаралық ақпарат құралдарында референдум учаскелерінің шекаралары туралы хабарды жариялау. |
|
|
|
Аудан әкімі. Референдум тағайындалғаннан кейін он күннен – 2022 жылғы 15 мамырдан кешіктірмей.
|
|
3. Республикалық референдум алдындағы үгіт. |
|
|
|
Референдум тағайындалғаннан кейін басталады және 2022 жылғы 4 маусымда сағат нөл сағатта аяқталады.
|
|
4. Учаскелiк референдум комиссиясына әрбiр учаске бойынша әкiм қол қойған референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тiзiмдерiн акті бойынша ұсыну. |
|
|
|
Аудан әкімі. Дауыс берудің басталуына жиырма күн қалғанда – 2022 жылғы 15 мамырдан кешіктірмей.
|
|
5. Азаматтардың тұрғылықты жері негізінде құрылған референдум учаскелері бойынша референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерін танысуға ұсыну. |
|
|
|
Учаскелік референдум комиссиялары. Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда – 2022 жылғы 20 мамырдан кешіктірмей.
|
|
7. Дауыс беру уақыты мен орны туралы азаматтарды хабардар ету. |
|
|
|
Учаскелік референдум комиссиялары. Дауыс беру күніне дейінгі кемінде он күннен – 2022 жылғы 25 мамырдан кешіктірмей. (26–б. 1–т.)
|
|
8. Референдумның дауыс беруге арналған бюллетеньдерін учаскелік референдум комиссияларына жеткізу. |
|
|
|
Бәйдібек аудандық аумақтық референдум комиссиясы. Референдум өткізуге жеті күн қалғанда – 2022 жылғы 28 мамырдан кешіктірмей. (27-б. 5-б.)
|
|
9. Дауыс беру үшін референдум учаскелерін ашу және ашу туралы хаттама жасау. |
|
|
|
Учаскелік референдум комиссиялары. Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда – жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де. |
|
10. Дауыс беруді өткізу. |
|
|
|
Учаскелік референдум комиссиялары. Дауыс беру күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін.
|
|
11. Референдум учаскесінде дауыстарды санау және дауыс беру қорытындылары туралы хаттама жасау. |
|
|
|
Учаскелік референдум комиссиялары. Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады. Санау уақыты санау басталғаннан бастап он екі сағаттан аспауға тиіс.
|
|
12. Жұртшылықтың танысуы үшiн – дауыс беру қорытындылары туралы хаттаманың көшiрмесiн референдум учаскесiнiң үй-жайындағы арнайы бөлiнген жерге орналастыру.
|
|
|
|
Учаскелік референдум комиссиялары. Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу.
|
|
13. Референдум учаскесiнде дауыс беру қорытындылары туралы түзілген хаттаманы аудандық аумақтық референдум комиссиясына ұсыну. |
|
|
|
Учаскелік референдум комиссиялары. Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу.
|
|
14. Аудан аумағында референдумның қорытындыларын шығару |
|
|
|
Аудандық аумақтық референдум комиссиясы. Дауыс беру күнінен бастап екі күннен аспайтын мерзімде.
(22-б. 1-т.(7-тт.)
|
|
15. Аудан аумағындағы дауыс беру нәтижесі туралы хаттаманы облыстық аумақтық референдум комиссиясына ұсыну. |
|
|
|
Аудандық аумақтық референдум комиссиясы. Дауыс беру күнінен бастап екі күннен аспайтын мерзімде.
|
Ескерту: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер бар.