Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
2022 жылғы 29 сәуірдегі № 24 шешімі
Бәйдібек ауданы, Борлысай ауылдық
округінің әкімін сайлау жөніндегі
сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
Төраға М.Қырықбаев
Хатшы Р.Жангазиева
1-қосымша
Борлысай сайлау округі мен оның шекарасы және Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері туралы ақпарат
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданына қарасты Борлысай ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі Борлысай сайлау округінің шекарасы – Борлысай ауылдық округінің аумағы (Ақтас, Кеңсай, Қошқарата, Шұқыршақ ауылдары).
Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мекен жайы – Шаян ауылы, Б.Қарашаұлы көшесі, 39 үй (Шаян ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты).