Ауылдық округ әкімдерінің ауыл тұрғындарымен кездесуіндегі өзекті мәселелер
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары
|
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Аяқтау нысаны |
Ескерту / орындау |
|
Тұрғын үй және коммуналдық саласы |
||||||
|
1 |
Газ құбыры құрылысы жүргізілген шұңқырлардың жабылмай жатыр. (Боралдай ауыл округі Сарыбұлақ ауылының тұрғыны С.Көпбай ) |
Сарыбұлақ елді мекеніндегі газ жүйелерінің құрылысы 2021 жылы басталып, 2022 жылға өтпелі. Елді мекен ішіндегі құрылыс жұмыстарынан пайда болған шұңқырлар мердігер мекеменің тарапынан қалпына келтірілетін болады. |
2022 ж.
|
Бәйдібек аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Қаржы бөлінуіне қарай |
|
2 |
Екпінді елді мекеніндегі Балауса көшесін жарықтандыру жұмыстары туралы (Екпінді елді мекенінің тұрғыны – Сыздықов Құманғазы) |
Екпінді елді мекеніндегі Балауса көшесіне орташа жөндеу және жарықтандыру жұмыстарына 175 446 мың теңгеге сметалық құжаттамасы әзірленіп облыстық бюджетке ұсыныс енгізілді. |
2022-2023 ж |
Бәйдібек аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Қаржы бөлінуіне қарай |
|
3 |
Кеңестөбе, Бірлік елді мекендерінде газ құбырларының құрылысы қашан жүргізіледі. (Бірлік елді мекенінің тұрғыны – Байтасов Сайлаубек) |
Кеңестөбе елді мекеніндегі тұрғылықты халықты табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша жобалау сметалық құжаттамасы әзірленіп қойылған (ЖСҚ құны-358,2 млн. теңге). 2022 жылға жоғары тұрған бюджеттен қаржыландыруға облыстық салалық басқармаға бюджеттік өтінімі ұсынылған. Бірлік елді мекеніне жеткізуші және ішкі газ құбырларының құрылысына жобалау сметалық құжаттамасы әзірлену үстінде. Ағымдағы жылы ЖСҚ-сы әзірленіп болған соң, жоғары тұрған бюджетке есептелген қаржысына бюджеттік өтінімі ұсынылатын болады. |
2022-2023 ж |
Бәйдібек аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Қаржы бөлінуіне қарай |
|
4 |
Шаян елді мекенінен коммуналдық тұрғын үйлер салынса. (Шаян елді мекенінің тұрғыны – Бөриев Серікбай) |
Шаян елді мекенінен 1 пәтерлі 20 коммуналдық тұрғын үйлер құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасына 6500,0 мың теңге, осы тұрғын үйлердің сыртқы инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым жүйелерінің жобалық-сметалық құжаттамасына 3000,0 мың теңге қаралып, бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу ашық конкурсы жүргізілуде. Жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан соң, құрылыс-монтаж жұмыстары басталатын болады. Алдағы уақытта Шаян елді мекенінен 1 пәтерлі 20 коммуналдық тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілген жағдайда, кезекте тұрған азаматтарға бөлініп берілетін болады.
|
2023-2024 ж
|
Бәйдібек аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Қаржы бөлінуіне қарай |
|
Ауыл шаруашылық саласы |
||||||
|
1 |
Жолғабас елді мекеніндегі «Қабыл» каналы тазаланса. (Жолғабас елді мекені тұрғыны – Пернебеков Талғат) |
Жолғабас елді мекеніндегі «Қабыл» каналын механикалық тазалаудан өткізу бекітілген кестеге сәйкес механикалық тазалаудан өткізу 2022 жылға жоспарлануда. |
2022 ж |
Бәйдібек аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Кезең-кезеңімен |
|
Спорт саласы |
||||||
|
1 |
Шақпақ елді мекенінен спорт кешені салынса? (Қазата елді мекенінің тұрғыны - Молжігітов Нұрқисса) |
Шақпақ елді мекенінен заманауи спорт кешеніне жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Алайда жобалық-сметалық құжаттаманың 3 жылдық жарамдылық мерзімі аяқталуына байланысты, бүгінгі таңда нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы қайта есептелуде.
|
2023-2025 ж
|
Бәйдібек аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Қаржы бөлінуіне қарай |
|
2 |
Кеңсай елді мекеніне футбол алаңы салынса (Кеңсай ауылының тұрғыны - Манатбеков Қайсар) |
Аудан әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жасыл саябақтар» МКК-нің тарапынан футбол алаңын салу бойынша есептемелік құжаттары әзірлену үстінде. |
2023-2024 ж |
Бәйдібек аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Қаржы бөлінуіне қарай |