Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
2022 жылғы 18 наурыздағы № 4 шешімі
Бәйдібек ауданы, Мыңбұлақ ауылдық
округінің әкімін сайлау жөніндегі
сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
Төраға М.Қырықбаев
Хатшы Р.Жангазиева
1-қосымша
Мыңбұлақ сайлау округі мен оның шекарасы және Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері туралы ақпарат
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданына қарасты Мыңбұлақ ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі Мыңбұлақ сайлау округінің шекарасы – Мыңбұлақ ауылдық округінің аумағы (Мыңбұлақ, Қайнар, Мәдениет, Бестоғай, Қосбұлақ, Нұра, Ақбұлақ ауылдары).
Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мекен жайы – Шаян ауылы, Б.Қарашаұлы көшесі, 39 үй (Шаян ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты).