Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 4 наурыздағы № 03 шешімі

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

2022 жылғы 4 наурыздағы № 03 шешімі

 

       

Бәйдібек ауданы, Жамбыл

ауылдық округі әкімінің

сайлауын тағайындау туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Cайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабының 1, 1) тармақшасы, 2, 4-тармақтары негізінде Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Бәйдібек ауданы, Жамбыл ауылдық округі әкімінің сайлауы 2022 жылғы 3 сәуірге тағайындалсын.

 

  1. 2022 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Жамбыл ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі қоса беріліп отырған негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.

 

  1. Осы шешім Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

 

 

           Төраға                                                   М.Қырықбаев

 

                     Хатшы                                              Р.Жангазиева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бәйдібек аудандық аумақтық        

сайлау комиссиясының  

2022 жылғы 4 наурыздағы

      № 03 шешіміне қосымша

 

 

 

Бәйдібек ауданы,  Жамбыл ауылдық округінің әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі  іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 

1. Жамбыл ауылдық округінің әкімін (бұдан әрі – әкімді) сайлауды тағайындау.

 

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде қырық күн бұрын – 2022 жылғы 4 наурыз.

(113-1-б. 2, 3-т.)

 

2. Жамбыл сайлау округі, оның шекарасы және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті  бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен – 2022 жылғы 14 наурыздан кешіктірмей.

 (22-б.)

 

3. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен – 2022 жылғы 14 наурыздан кешіктірмей.

 (13-б. 4-т.)

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.   

 

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен – 2022 жылғы 19 наурыздан  кешіктірмей.

 (17-б. 2-т.)

 

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.           

 

Аудан әкімі.

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде – 2022 жылғы 19 наурыздан кешіктірмей.

 (23-б. 5-т.)

 

6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну.

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар.

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен – 2022 жылғы 5 наурыздан басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда – 2022 жылғы 18 наурызда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

 (113-3-б. 1-т.)

 

7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау.

 

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

 (4-б., 113-5-б., 11-т. 2-тт.)

 

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.

 

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап.

 (14-б. 8-1) т., 31-б.)

 

9. Әкімдікке өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттарға, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру.

 

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Кандидаттың Конституциялық заңда,  Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде.

(113-4-б.)

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап  жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу.

 

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып.

Қол қою парақтары аудандық аумақтық сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде.

(113-4-б. 7-т.)

 

11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы 2022 жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі.

 

Әкімдікке кандидатттар,

саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5-б. 2-т.)

 

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне – 2022 жылғы 1 наурыз есебімен активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну.

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 3-т.)

 

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.

 

Мемлекеттік кіріс органдары.

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде.

 (113-5-б. 3-т. 2)

 

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті  куәліктер беру.

 

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін – 2022 жылғы 5 наурыздан басталады және сайлау күнінен он күн бұрын – 2022 жылғы 23 наурызда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

(113-5-б.)

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей.

 (113-5-б. 9-т.)

 

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру.

 

Аудан әкімдігі және Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Үгіт басталғанға дейін.

 (28-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.

 

Әкімдікке кандидатттар.

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен – 2022 жылғы 23 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша 18.00-дан кейін басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі – 2022 жылғы 2 сәуірде жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

                                                                              (27-б. 2-т.)

 

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін              үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Аудан әкімдігі және Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы. 

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде.

 (28-б. 4-т.)

 

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну.                                                   

 

Аудан әкімі.

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын – 2022 жылғы 14 наурызда.

 (24-б. 5-т.)

 

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну.

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда – 2022 жылғы 19 наурызда.

 (26-б. 1-т.)

 

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты  және орны туралы хабардар ету.                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары.

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен – 2022 жылғы 24 наурыздан кешіктірмей.

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу.                          

 

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын – 2022 жылғы 31 наурыздан ерте емес және 2 сәуірден кешіктірмей.

 (37-б. 3-т.)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау.           

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары.

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда, 2022 жылғы 3 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де.

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу.                                              

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары.

Сайлау күні, 2022 жылғы 3 сәуірде, жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін.

 (38-б. 1-т.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау.                                   

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары.

2022 жылғы 3 сәуірде, жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады.

 (18-б. 8) т., 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу.                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары.

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу. 

 (43-б. 8-т.)

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну.                                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары.

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу.

 (113-8-б. 1-т.)

28. Әкім сайлауының қорытындысын белгілеу.

 

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен – 2022 жылғы 6 сәуірден кешіктірмей.

 (113-10-б.)

29. Әкімді сайлау қорытындысы туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен – 2022 жылғы 6 сәуірден кешіктірмей.

 (44-б.)

 

30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру.

 

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде – 2022 жылғы 9 сәуірден кешіктірмей.

 

Сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін.

(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Cайлау туралы» Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.



                 

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімі
Дата публикации
04 марта 2022