Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
2022 жылғы 4 наурыздағы № 02 шешімі
Бәйдібек ауданы, Жамбыл ауылдық
округінің әкімін сайлау жөніндегі
сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
Төраға М.Қырықбаев
Хатшы Р.Жангазиева
1-қосымша
Жамбыл сайлау округі мен оның шекарасы және Бәйдібек удандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері туралы ақпарат
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі Жамбыл сайлау округінің шекарасы – Жамбыл ауылдық округінің аумағы (Жамбыл, Жүзімдік, Шыбыт, Тасқұдық, Қызылжар ауылдары).
Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мекен жайы – Шаян ауылы, Б.Қарашаұлы көшесі, 39 үй (Шаян ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты).