МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ – ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ
Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы, мемлекеттік қызметкердің біліктілігі мен кәсібилігіне тікелей байланысты.
Бұл орайда, мемлекеттік қызметке орналасуға ниеті бар азаматтар өзіне қоғам мен мемлекет тарапынан артылар жүктің де жеңіл емес екенін жіті түсінуі тиіс.
Демек, мемлекеттік қызмет атқарудың ел алдындағы парызы екенін жауапкершілікпен қабылдап, түсінген азаматтардың мемлекеттік қызметке келуі еліміз үшін маңызды.
Бұл ретте, мемлекеттік қызметке орналасудың алғашқы баспалдағын Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу бойынша тестілеуден өтуден басталады.
Ол үшін ең алдымен, e.gov.kz электронды үкімет веб-порталына электронды цифрлық қолтаңба немесе бір реттік жасырын сөз арқылы тіркелу қажет.
Одан әрі, веб-порталдың «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөліміне кіріп, «Мемлекеттік қызмет» айдарындағы «Мемлекеттік қызметкерлерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш кіретін азаматтарды тестілеу» қызметін пайдалану арқылы, тестілеу залын, бағдарламасын, сынақ күнін толтыру керек.
Тестілеу лауазымдар санатына сәйкес 3 бағдарламаны қамтиды. Бұл ретте, бірінші бағдарлама мемлекеттік органдарда неғұрлым жоғары біліктілік талаптары қойылатын басшылық лауазымдарға, екінші бағдарлама орталық және облыстық деңгейдегі орындаушылық, аудан, қала, ауылдық округ деңгейінде басшылық лауазымдарға, үшінші бағдарлама аудан, қала және ауылдық деңгейдегі орындаушы лауазымдарға арналған.
Оның ішінде, бірінші бағдарлама бойынша:
1) ҚР Конституциясы (15сұрақ);
2) ҚР Президентінің туралы (15 сұрақ);
3) ҚР Үкіметі туралы (15 сұрақ);
4) ҚР Мемлекеттік қызметі туралы (15сұрақ);
5) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы (15сұрақ);
6) ҚР әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (15сұрақ);
7) Құқықтық актілер туралы (15сұрақ);
8) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы (15сұрақ);
9) ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (10 сұрақ); заңнамаларынан тұрады. Өту нәтижесі 130 сұрақтың дұрыс жауаптардың жалпы саны 91- ден төмен болмауы қажет. Ескерте кететін жайт, әрбір нормативтік құқықтық актілерден 15 – сұрақтың шектік мәні 5 – тен төмен болмауы тиіс.
Екінші бағдарлама бойынша:
1) ҚР Конституциясы (15сұрақ);
2) ҚР Президенті туралы (15 сұрақ);
3) ҚР Мемлекеттік қызметі туралы (15сұрақ);
4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы (15сұрақ);
5) ҚР әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (15сұрақ);
6) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы (15сұрақ);
7) ҚР-дағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы (15сұрақ);
8) ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (10 сұрақ); заңнамаларынан тұрады. Өту нәтижесі 115 сұрақтың дұрыс жауаптардың жалпы саны 69 – ден төмен болмауы қажет.
Үшінші бағдарлама:
1) ҚР Конституциясы (15сұрақ);
2) ҚР Мемлекеттік қызметі туралы (15сұрақ);
3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы (15сұрақ);
4) ҚР-дағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы (15сұрақ);
5) ҚР әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (15сұрақ);
6) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы (15сұрақ);
7) ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (10 сұрақ); заңнамаларынан тұрады. Өту нәтижесі 100 сұрақтың дұрыс жауаптардың жалпы саны 50 – ден төмен болмауы қажет.
Осы тестілеу бағдарламаларының бірінен оң нәтиже алған кандидаттар 20 минуттан кейін жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуден өтеді.
Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеудіен өту мәні растық деңгейі бойынша кем дегенде 50% құрайды.
Атап өтетен жайт, өңірдегі тестілеу залы Түркістан қаласы, әкімшілік іскерлік орталығының министрліктердің облыстық аумақтық органдар үйінің «В» блогы, 2-қабатында «2123» кабинетінде орналасқан.
Үміткерлер екі тесттің қорытындысымен шекті мәннен жоғары көрсеткішке қол жеткізетін болса, онда бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурсқа қатысу мүмкіндігі беріледі.
Еліміздегі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдар туралы ақпарат www.gov.kz мемлекеттік органдардың интернет ресурсында жарияланады.
Бұл ретте, мемлекеттік лауазымдарға үміткерлер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің «Memlekettik kyzmet Turkistan» телеграм-каналы ашылған.
Ол жерде www.gov.kz сайтына жарияланған Түркістан облысындағы мемлекеттік органдардың конкурстары енгізілген.
Аталған телеграм-каналдың QR-кодын пайдаланып өңірдегі конкурстар туралы мәліметті оңай алу мүмкін екенін айта отырып, қолданушылар телеграм-каналға жазылғаннан кейін күнделікті жарияланған конкурстармен таныса алады.
Мемлекеттік қызметке алғаш кіретін немесе оны тоқтатқаннан кейін қайта кіретін азаматтар мемлекеттік органдарда жарияланған жалпы конкурсқа қатыса алады.
Қазіргі таңда жалпы конкурсқа қатысу үшін 3 құжат тапсырса жеткілікті. Олар: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның 2017 жылғы 21 ақпандағы
№ 40 бұйрығының 2-қосымшасымен бекітілген өтініші, осы бұйрықтың №3 қосымшасымен бекітілген үміткердің қызметтік тізімі және білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариалдық куәландырылған көшірмелері.
Конкурсқа үміткерлерден құжат қабылдау аяқталғаннан кейін, бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін үміткерлер әңгімелесу кезеңіне жіберіледі.
Әңгімелесуде үміткерлерге бірдей көлемде сұрақтар қойылады және конкурстың ашық әрі әділ өтуі үшін әңгімелесу отырысына байқаушылар ретінде еліміздің он сегіз жасқа толған азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сонымен қатар, үміткердің қалауы бойынша әңгімелесу қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізу мүмкіндігі қарастылыған. Яғни, азамат өзінің тұрғылықты мекенжайынан, бейнебайланыс жүйесімен еліміздегі кез келген конкурстарға қатыса алады.
Осы орайда, мемлекеттік қызметке орналасуға ниет білдірген үміткерлер туындаған сұрақтарын Департаменттің 8/72533/59721, 8/72533/59481 байланыс телефондарына, «Мемлекеттік қызмет Түркістан» фэйсбук парақшасына немесе www.turk.kense.@kyzmet.gov.kz электронды поштасына жолдай алады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы
Н.Шынтаев