Бәйдібек ауданының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасының индикаторларының 2021 жыл қорытындысымен орындалуы туралы

 Бәйдібек ауданының  2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасының индикаторларының  2021 жыл қорытындысымен орындалуы туралы

 

2021 жылға жалпы 35 индикаторлық көрсеткіштер жоспарланған, оның  28 нысаналы индикаторлар мен 7 тікелей нәтижелі көрсеткіштер бар.               

Аудандық дербес бөлімдердің және статистикалық ақпараттар негізінде жасалған  талдау нәтижесін сараптай келе жоспарланған индикаторлар мен көрсеткіштерден 2021 жыл қорытындысымен 3 нысаналы индикатор мен  1 тікелей нәтижелі көрсеткішке қол жеткізілмеді.  Атап айтқанда: 

- Кәсіпкерлік саласы бойынша  6  нысаналы индикаторлық көрсеткіштен   2 нысаналы индикаторға қол жеткізілмеген:

Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексінің жылдық  жоспары 103,5% болса, нақты 102,1 % құраған.

Өнеркәсіп өнімі көлемінің жылдық  жоспары  1800,0 млн.теңге болса,  нақты 1320,5 млн. теңгені құраған.

Өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемінің жылдық  жоспары  1700,0 млн.теңге болса, нақты 928,5 млн. теңгені құраған.

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2 нысаналы индикатор мен 3 түпкі нәтижелі көрсеткіштерден 1 нысаналы индикаторға  және 1 тікелей нәтижелі көрсеткішке қол жеткізілмеген:

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (көрсетілетін қызметтердің) нақты көлемінің индексінің жылдық  жоспары  105,0 % болса, нақты 84,3 % құраған.

Өсімдік шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлемі индексінің жылдық  жоспары  107,0 % болса, нақты 65,5 % құраған.

Бәйдібек аудандық экономика және қаржы бөлімі

Бәйдібек ауданының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасының индикаторларының 2021 жыл қорытындысымен орындалуы туралы
Дата публикации
03 февраля 2022