Хабарландыру
Қазақстан Республикасы «Жер Кодексінің» 43,1 бабына сәйкес Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты жариялайды.
Конкурс 2022 жылғы наурыз айының «02» жұлдызы күні сағат 10:00 де Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, Б.Қарашаұлы көшесі, №51 үй, Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2-қабат мәжіліс залында өткізіледі.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу 2022 жылғы ақпан айының «9» жұлдызынан бастап 2022 жылғы наурыз айының «1» жұлдызына дейін жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысу өтінімдерді Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, Шәкәрім көшесі, № 1А үй, Бәйдібек аудандық жер қатынастары бөлімінде 2- қабатында қабылданады.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссияға құжаттарды ҚР Жер Кодексінің 43-1 бабының талаптарына сәйкес ұсыну қажет.
Конкурсқа қатысты барлық сұрақтарға, жауаптар мен кеңесті осы номерге хабарласып алуға болады Тел: 8 /72548/ 2-16-15.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі.