Бәйдібек ауданы әкімдігінің ҚАУЛЫСЫ (жоба)

ЖОБА

Бәйдібек ауданы әкімдігінің  ҚАУЛЫСЫ

Шаян ауылы                                  №____          «____» _________   2021 жыл

 

«Ордабасы аудандық тұрғын үй коммуналдық

шаруашылық, жолаушылар көлігі

және автомобиль жолдары бөлімі»

мемлекеттік мекемесіне қауымдық

сервитут белгілеу туралы.

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-II «Жер Кодексінің»  9, 17, 43, 69 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                             23 қаңтардағы  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 31 бабының                                    1, 2 тармақтарына сәйкес  аудан әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бәйдібек ауданы Боралдай ауылы және Ордабасы ауданы Қызылсеңгір ауылы арасындағы автомобиль жолына жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында ұзындығы 3545 метр, ені 7 метр, жалпы аумағы 2,4815 га жер теліміне  «Ордабасы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне  қауымдық сервитут белгілеу үшін берілсін.
  2. «Ордабасы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшылығына:

        1) Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43 бабының 10 тармағына сәйкес жер учаскесінің нақтылы (белгілі бір жердегі) шекарасы белгіленгенге дейін және құқық белгілейтін құжаттары берілгенге дейін жер учаскесін пайдалануға жол берілмейтіндігі, осы норманы сақтамау жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу деп бағаланады және Қазақстан Республикасының әкімшілік-құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес жауаптылық көзделетіндігі;

   2) Заңдарда белгіленген тәртіппен құқық белгілейтін құжат берілген сәттен бастап 6 (алты) ай мерзімнен кешіктірмей мемлекеттік тіркеуден өткізу керектігі;

   3) Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпте жер үсті және жер асты коммуникацияларын салуда, электр, байланыс жүйелерін орнату мен пайдалануда, сумен жабдықтауды реттеуде және қоғамдық, мемлекеттік қажетті басқа да мақсаттарда жер учаскесіне бөгетсіз кіруді қамтамасыз етуді;

4)  Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару үшін мыналар:    

          

           5) Қазақстан Республикасы ратификациялаған шарттардан туындайтын халықаралық міндеттемелер;     

6) Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттар үшін жер беру және арнайы экономикалық аймақтардық құрылуы мен олардың жұмыс істеуі;

  7)  Пайдалы қазба кен орындарының табылуы және оларды қазу;

  8) Автомобиль және темір жолдардың құрылысы (реконструкциясы), әуежайлар, әуе айлақтар, аэронавигация объектілері және авиатехникалық орталықтар, теміржол көлігі объектілері, көпірлер, метрополитендер, тоннельдер, энергетика жүйесі мен электр тарату желілері, байланыс желілері объектілері, ғарыш қызметін қамтамасыз ететін объектілер, магистралдық құбырлар, инженерлік-коммуникациялық желілер, концессиялық жобаларды іске асыру, елді мекендердің ортақ пайдалануындағы объектілердің құрылысы (реконструкциясы);

 9) Елді мекендердің бас жоспарларын ҚР Жер Кодексінің 84 бабының                  1 тармағында белгіленген ерекше жағдайлардың тізбесіне жатқызылатын объектілерді салу бөлігінде орындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген объектілерді бюджет қаражаты есебінен салу ерекше жағдайлар болып табылады;

 10) Жер Кодексінің 92 бабына сәйкес ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығы және ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер пайдалану құқығында берілген жер учаскесі алғаш рет жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбау анықталған кезден бастап есептелетін уақытша жалға өтеулі жер пайдалану кезеңінің жалпы алғанда екі жылында пайдаланылмаса, онда мұндай жер учаскесі осы Кодекстің 94 бабында көзделген тәртіппен меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қойылуға жататыны келісім-шартта ескертілсін.

  1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалы-Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті Бәйдібек аудандық бөлімшесінен осы қаулыға сәйкес жер учаскесіне жалдау құқығын беретін актісін дайындау сұралсын.
  2. Аудандық жер қатынастары бөліміне (Б.Бақтайбеков) жалдау құқығы туралы келісім-шарт жасау, жердің өз мақсатында пайдалануын тұрақты бақылауды жүргізу тапсырылсын.     
  3. Осы қаулының орындалуын қадағалауды аудан әкімінің орынбасары Б.Тұрлыбековке жүктелсін.

          Негізі: Түркістан облысы «Ордабасы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Искаковтың 2021 жылғы 15 маусымдағы /кіріс № 230-28/13-17/150/ санды өтініші.

 

Аудан әкімі:                                            Е.Шарипбеков

                                                                                 

Бәйдібек ауданы әкімдігінің ҚАУЛЫСЫ (жоба)
Дата публикации
01 октября 2021