2021 жылдың 23 сәуірінде Қазақстан Республикасы «Жер Кодексінің» 43,1 бабына сәйкес Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсы жарияланған болатын. Конкурстың тізімдері мен лот нөмерлеріне өзгерістер енгізілуіне байланысты конкурстың өту мерзімі 2021 жылғы маусым айының 14 жұлдызынан кейінгі мерзімге шегерілгендігін хабарлаймыз. Конкурстың өтетін орны мен уақыты қосымша хабарланатын болады.
Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Бәйдібек аудандық жер қатынастары бөлімі