Бәйдібек ауданындағы Боралдай ауылдық округі әкіміне
кандидаттарды тіркеу туралы ХАБАРЛАМА
2026 жылғы 8 қарашаға тағайындалған Боралдай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша әкімге кандидат ретінде:
- 1985 жылы туылған, Боралдай ауылдық округінің бұрынғы әкімі, Теректі ауылының тұрғыны, «ӘДІЛЕТ» партиясынан ұсынылған, «ӘДІЛЕТ» партиясының мүшесі, ұлты қазақ,Токтамысов Асылхан Битасович;
- 1999 жылы туылған, Бәйдібек ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру -инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімшесінің бас инспекторы, Шаян ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған, ұлты қазақ, Бақыт Елнұр Сәкенұлы;
- 1994 жылы туылған, Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары, Шаян ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған, ұлты қазақ, Қонысұлы Абылайхан тіркелгенін хабарлайды.
Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы