Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
Кандидатқа қойылатын талаптар:
Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бір ғана мәслихаттың депутаты бола алады.
Сот əрекетке қабілетсіз деп таныған Қазақстан Республикасы азаматтарының, сотталғандығы заңда белгіленген тəртіппен жойылмаған немесе алынбаған Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға қатысты кінəсін сот заңда белгіленген тəртіппен таныған Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлануға құқығы жоқ.
Мәслихаттар депутаттығына:
1) партиялық тізімдер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы - саяси партияларға;
2) бірмандаттық аумақтық сайлау округтер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ егер жарғыда тиісті өкілеттік көзделген болса, олардың құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне) және өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтарға тиесілі.
Саяси партиядан мәслихат депутаттығына сайлау үшін партиялық тізімге енгізілген адам бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша ұсынылуға құқылы емес.
Мәслихаттар депутаттарының сайлауында ешкім біреуден артық сайлау округінде кандидат болып ұсыныла алмайды.
|
Саяси партиядан, қоғамдық бірлестіктен, олардың құрылымдық бөлімшелерінен (филиалдары мен өкілдіктерінен) кандидатты тіркеуге қажетті құжаттар |
|
1. - құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктердің) ұсыну құқығын растайтын жарғыдан үзінді көшірмені, - саяси партияны, қоғамдық бірлестікті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеу, құрылымдық бөлімшелерді (филиалдар мен өкілдіктерді) аумақтық әділет органдарында есептік тіркеу туралы құжаттың көшірмесі - саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) жоғары басшы органының тиісті сайлау округі бойынша кандидатты ұсыну жөніндегі хаттамасынан үзінді көшірме 2. Азаматтың өзін ұсынған саяси партиядан, қоғамдық бірлестіктен осы сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші (ҚР ОСК қаулысымен бекітілген өтініштің нысанын пайдаланады) 3. Кандидат туралы өмірбаяндық деректер (ҚР ОСК қаулысымен бекітілген өтініштің нысанын пайдаланады) 4. Кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы 5. Кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат |
|
|
|
Өзін-өзі ұсынған кандидатты тіркеуге қажетті құжаттар |
|
1. Кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініш (ҚР ОСК қаулысымен бекітілген өтініштің нысанын пайдаланады) |
|
2. Кандидат туралы өмірбаяндық деректер (ҚР ОСК қаулысымен бекітілген өтініштің нысанын пайдаланады) |
|
3.Кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы |
|
4. Кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат |