ХАБАРЛАМА 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу бойынша Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы

ХАБАРЛАМА

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу бойынша Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабының 4-тармағына, 22-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» № 60/98 қаулысына сәйкес, Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын, орналасқан жерін және жұмыс уақытын хабарлаймыз.

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы

Комиссия төрағасы – Қырықбаев Марат Есіркепұлы;

Төрағаның орынбасары – Сейдахметов Әділхан Омарәділұлы;

Хатшысы – Жангазиева Раушан Пердебаевна.

Комиссия мүшелері: Меңлібеков Мағжан Мейірбекұлы, Калходжаев Нұралы Қожахметұлы, Иманбеков Айдос Айдарович, Курманбеков Жандос Исембекович.

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мекен жайы:  О.Тайманов атындағы өнер және саз мектебі. Шаян ауылы, Тәуелсіздік 39/1. Тел.: 8 (72548) 2-19-44, e-mail:  tic_tur_bai@saylau.kz, пошталық индексі 160200.

Аумақтық сайлау комиссиясының жұмыс уақыты: 9.00-18.30 Үзіліс: 13.00-14.30.

 

  

 

Бәйдібек аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша

бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің шекаралары мен округтік сайлау комиссияларының орналасқан мекен жайы

 

№ 1 сайлау округі

Орналасқан жері: Есіркеп батыр атындағы жалпы білім беретін мектептің ғимараты. Ағыбет ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, 35.

Шекарасы: Ағыбет ауылдық округі, Ағыбет, Алғабас, Жаңаталап, Жұлдыз ауылдары, Алмалы ауылдық округі, Алмалы, Жарықбас, Байжансай ауылдары. №142, №143, №144, №145, №153, №154 сайлау учаскелері.

№ 2 сайлау округі

Орналасқан жері: Спорт кешенінің ғимараты. Шақпақ ауылы, С.Әбдіжаппаров көшесі, н/ү.

Шекарасы: Алғабас ауылдық округі, Қазата, Таңатар, Үсіктас, Шақпақ ауылдары. №150, №151, №152 сайлау учаскелері.

№ 3 сайлау округі

Орналасқан жері: Мәдениет үйінің ғимараты. Кеңестөбе ауылы, Қостөбе көшесі, 48.

Шекарасы: Көктерек ауылдық округі, Бірлік, Кеңестөбе, Ынтымақ ауылдары, Ақбастау ауылдық округі, Жолғабас, Кеңес ауылдары. №148, №149, №179, №180, №181 сайлау учаскелері.

№ 4 сайлау округі

Орналасқан жері: Ақбастау ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты. Ақбастау ауылы, Ө.Оспанов көшесі, 61/1.

Шекарасы: Ақбастау ауылдық округі, Ақбастау, Тұрақты ауылдары, Боралдай ауылдық округі, Қаратас ауылы. №146, №147, №160 сайлау учаскелері.

№ 5 сайлау округі

Орналасқан жері: Борлысай ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты. Ақтас ауылы, Н.Тойжанов көшесі, 52/1.

Шекарасы: Борлысай ауылдық округі, Ақтас, Кеңсай, Қошқарата, Шұқыршақ ауылдары, Алмалы ауылдық округі, Бәйдібеката ауылы. №155, №167, №168, №169 сайлау учаскелері.

№ 6 сайлау округі

Орналасқан жері: Боралдай ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты. Боралдай ауылы, О.Мамеков көшесі, 15/1.

Шекарасы: Боралдай ауылдық округі, Боралдай, Жоғарғы Боралдай, О.Тайманов ауылдары. №156, №157, №158 сайлау учаскелері.

№ 7 сайлау округі

Орналасқан жері: Мәдениет үйінің ғимараты. Амансай ауылы, Б.Өтембаев көшесі, 58.

Шекарасы: Боралдай ауылдық округі, Ақжар, Амансай, Жыланды, Сарыбұлақ, Талап, Теректі, Түйетас ауылдары. №159, №161, №162, №163, №164, №165, №166 сайлау учаскелері.

№ 8 сайлау округі

Орналасқан жері: Мәдениет үйінің ғимараты. Шалдар ауылы, Ә.Қасымбеков көшесі, 2.

Шекарасы: Бөген ауылдық округі, Екпінді, Сарқырама, Шалдар ауылдары. №170, №171, №172 сайлау учаскелері.

№ 9 сайлау округі

Орналасқан жері: Мәдениет үйінің ғимараты. Жамбыл ауылы, А.Айнаходжа көшесі, 2.

Шекарасы: Жамбыл ауылдық округі, Жамбыл, Жүзімдік, Қызылжар, Тасқұдық ауылдары, Бөген ауылдық округі Жиенқұм ауылы. №173, №174, №176, №177, №178 сайлау учаскелері.

№ 10 сайлау округі

Орналасқан жері: «Нұра» мәдениет үйінің ғимараты. Мыңбұлақ ауылы, А.Ералиев көшесі, 30.

Шекарасы: Мыңбұлақ ауылдық округі, Ақбұлақ, Бестоғай, Қайнар, Қосбұлақ, Мәдениет, Мыңбұлақ  ауылдары. №182, №183, №184, №185, №186, №187 сайлау учаскелері.

№ 11 сайлау округі

Орналасқан жері: Жастар ресурстық орталығының ғимараты. Шаян ауылы, Б.Қарашаұлы көшесі, 53.

Шекарасы: Шаян ауылдық округі, Шаян ауылы – Шаян өзенінен Қарабастау каналының Күлтөбеге өтетін көпірден Арнасай бойымен М.Әуезов көшесінің басына дейін, аумақтық инспекцияның ішіндегі үйлер қоса алғанда Ұлан, Ешенқұлов, Ақ бидай көшелерінің екі жағы М.Әуезов көшесіндегі екіқабатты 3 үйді қоса М.Әуезов көшесінің оң жағы Т.Рысқұлов көшесінің оң жағын ала отырып, Шаян өзені бойымен. №188 сайлау учаскесі.

№ 12 сайлау округі

Орналасқан жері: Аудандық мәдениет үйінің ғимараты. Шаян ауылы, М.Әуезов көшесі, 11.

Шекарасы: Шаян ауылдық округі, Шаян ауылы – М.Әуезов көшесінен тік Арнасайдың бойымен ауылдың солтүстік шетін ала отырып, Ш.Байғонов көшесінің оң жағы, М.Әуезов көшесінің сол жағы Шәкәрім көшесінің қиылысына дейін, Шәкәрім көшесінің қиылысынан С.Қадырбаев көшесінің қиылысына дейін М.Әуезов көшесінің екі жағы. Күлтөбе мөлтекауданы (мазарат жанындағы көпірге дейін), Ә.Жылқышиев көшесі, Б.Қарашаұлы көшесі Арнасайға дейін. №189, №191 сайлау учаскелері.

№ 13 сайлау округі

Орналасқан жері: «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ ғимараты. Шаян ауылы, Е.Шөкеев көшесі, 83/1.

Шекарасы: Шаян ауылдық округі, Шаян ауылының солтүстік шетінен Ш.Байғонов көшесінің солтүстік жағын ала отырып, М.Әуезов көшесінің қиылысына дейін, М.Әуезов көшесінің солтүстік жағы, Т.Рысқұлов көшесінің шығыс жағы Шаян өзеніне дейін және Жамбыл ауылдық округі, Шыбыт ауылы. №175, №190 сайлау учаскелері.

 

 

 

Хабарлама
Дата публикации
13 октября 2026