Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарлама

2026 жылғы 8 қарашаға тағайындалған Боралдай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарлама

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабының 4-тармағына, 22-бабының 2-тармағына және «Боралдай ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы  30 қыркүйектегі № 13 қаулысына сәйкес, Бәйдібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамын, орналасқан жері және жұмыс уақытын хабарлаймыз.

Бәйдібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамы

Комиссия төрағасы – Қырықбаев Марат Есіркепұлы;

Төрағаның орынбасары – Сейдахметов Әділхан Омарәділұлы;

Хатшысы – Жангазиева Раушан Пердебаевна.

Комиссия мүшелері: Меңлібеков Мағжан Мейірбекұлы, Калходжаев Нұралы Қожахметұлы, Иманбеков Айдос Айдарович, Курманбеков Жандос Исембекович.

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мекен жайы:  О.Тайманов атындағы өнер және саз мектебі. Шаян ауылы, Тәуелсіздік 39/1. Тел.: 8 (72548) 2-19-44, e-mail:  tic_tur_bai@saylau.kz, пошталық индексі 160200.

Аумақтық сайлау комиссиясының жұмыс уақыты: 9.00-18.30 Үзіліс: 13.00-14.30.

Бәйдібек ауданындағы Боралдай ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі Боралдай сайлау округінің шекарасына Боралдай ауылдық округінің (Боралдай, Жоғарғы Боралдай, Тайманов, Ақжар, Қаратас, Теректі, Жыланды, Түйетас, Амансай, Талап, Сарыбұлақ ауылдары) аумағы жатады.

 

 

Бәйдібек ауданының

аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

АҚПАРАТ
Дата публикации
30 сентября 2026