ХАБАРЛАНДЫРУ БАЙДІБЕК АУДАНЫ БОЙЫНША АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫНДАҒЫ ЖЕРЛЕРДІ ЖАЛҒА БЕРУ КОНКУРСЫ ӨТКІЗІЛЕДІ.

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

БАЙДІБЕК АУДАНЫ БОЙЫНША АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫНДАҒЫ ЖЕРЛЕРДІ ЖАЛҒА БЕРУ КОНКУРСЫ ӨТКІЗІЛЕДІ.

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабына сәйкес, Бәйдібек ауданы әкімдігі  жер учаскелерін ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалға беру конкурсын өткізетінін хабарлайды.

Жер учаскелерін ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалға беру конкурстарын ұйымдастырудың және өткізудің шаттары мен талаптары.

Конкурс өткізілетін күні және орны: 2026 жылы 17 қараша сағ 1000- де. Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы Б.Қарашаұлы көшесі №51 үй, Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2-қабат мәжіліс залында өткізіледі. Қосымша ақпаратты 8/72548/2-16-15 телефоны арқылы білуге болады.

Конкурсқа өтінімдері беру (құжаттарды қабылдау) күні және орны: 2026 жылы 27 қазан - 16 қараша аралығында (16.11.2026 жыл сағ: 1900- де аяқталады). Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы Шәкәрім көшесі №1 А үй, Бәйдібек ауданы әкімдігінің «Бәйдібек аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде.

       Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және  17.11.2026 жылғы сағ 10 00- ге дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

          Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға арналған өтінімнен бас тартылады.

Конкурстық комиссияның қорытындысы қабылданатын күні 17.11.2026 жыл.

 

 

 

Бәйдібек ауданы бойынша ауыл шаруашылығы жер учаскесін жалға беру конкурсына қойылған жер учаскелерінің

тізбесі

 

№

Жер учаскесі лот №

Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы

Көлем га

Топырақтың сапалық

сипаттамасы

Бонитет балы

Жалға беру мерзімі

Жер учаскесінің орналасқан жері (шаруашылық, аудандық орталықтан орталыққа дейінгі орташа қашықтық)

 

Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы

 

1

109

суармалы

30,0

Оңтүстік нақты сұрғылт

13

10 жыл

Жамбыл а/о

Егін шаруашылығын дамыту үшін

 

                     

 

 

 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 26 қыркүйектегі №353 бұйрығына сәйкес, Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалға алудың) үлгі шартының 3-тарауындағы Тараптардың құқықтары мен міндеттері бойынша Жалға беруші: шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған жер учаскесі алғаш рет анықталған кезден бастап ол қатарынан 2 (екі) жыл бойы мақсатына сай пайдаланылмаған жағдайларда, мұндай жер учаскесін Жер кодексінің 94-бабында көзделген тәртіппен, яғни Мақсаты бойынша пайдаланылмаған не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесiн мәжбүрлеп алып қою тәртібі туралы хабарлайды.

 

 

 

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы әкімдігінің

Бәйдібек аудандық жер қатынастары бөлімі

мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

Дата публикации
26 сентября 2026