2026 жылғы 28 маусымда Бәйдібек ауданындағы Алмалы ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Бәйдібек ауданы, Алмалы ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Алмалы ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 1356 азамат енгізілді, олардың 720-сы дауыс берді.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Бейісбеков Бауыржан Нұсқабекұлы – 50; Курманбеков Ердос Исембекович – 61; Тазабеков Элдар Пернебекұлы – 556; «Барлығына қарсы» – 21.
1983 жылы туылған, Алмалы ауылдық округінің бұрынғы әкімі, Бәйдібек ауданы, Бәйдібек ата ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған Тазабеков Элдар Пернебекұлы Алмалы ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы